top of page

Созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламалары

   Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын шеңберінде халықтың аурушаңдығын, асқынуы мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару және адамның өзін қатыстыра отырып, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ҚР ДСМ дәлелді медицинаға негізделген ауруларды басқару бағдарламаларын (АББ) енгізе отырып, АМСК күшейту бойынша жұмыс жүргізуде. 

   АББ-ны енгізу созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және олармен күрес, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсарту және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйін ауырлатуды болдырмау мәселелеріне бағытталған қолда бар барлық ресурстарды пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.

  АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және кіріктірілген көмек көмегімен аурудың салдарын болдырмау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Бағдарлама.

   Сонымен қатар, АББ – бұл өзіне-өзі көмек/өзін-өзі басқару бойынша күш салуға болатын жағдайлары бар пациенттердің белгілі бір топтарына арналған үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникация жүйесі. Мұндай бағдарлама жеке тұлғаларға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өзінің ауруын басқаруға және асқынуды болдырмауға мүмкіндік береді.

   АББ-ны енгізу бойынша халықаралық тәжірибелер мен түрлі тәсілдер ҚР ДСМ деңгейінде халықаралық консультанттармен бірге талқыланды. Ғылыми-дәлелді медицинаға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын әзірлеу және енгізу, халықтың денсаулық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру және денсаулық сақтау реформаларын одан әрі нығайту және әлеуметтік жаңғырту тәсілдерін шешу үшін мемлекет, қызметкерлер және азаматтардың өздері арасында азаматтардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру шешілді.

   ЖШС "Еркемед" емханасы қызметіне созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқарудың 3 бағдарламасы енгізілуде: 1. қантты диабет (ҚД), 2. жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), 3. артериялық гипертензия (АГ).

Тіркелу

Тіркелу үшін төмендегі форманы толтыруыңызды сұраймыз!

bottom of page