top of page

1 наурыз - Алғыс айту күні.


Көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні болып белгіленген. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке. Осы мерекеге орай емханамыздың бас дәрігері, медицина ғылымдарының магистрі Серік Қасым Төреханұлы емхананың қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар 26 ақпан күні Алматы қаласында "Қайырымдылық керуені" ІІІ Республикалық конкурсы бойынша "Батыл жүрек" номинациясында 2 орын иеленген емханамыздың жалпы тәжірибелік дәрігері Елемесова Алтынайды ерекше атап өтіп,құттықтау сөздерін жолдады.









10 views0 comments
bottom of page