Құрметті емделушілер!
Сіз егер де ЖШС "Еркемед" емханасына тіркелген болсаңыз, диспансерлік есепте тұрып, учаскелік терапевтке жиі-жиі қаралып жүрсеңіз, онда Сіз қолданыстағы заңдардың нормаларына сәйкес амбулаторлық деңгейде, тегін дәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік кепілдемеге ие боласыз. Сонымен қатар Сізге дәрігердің қабылдау уақытын немесе медбикені күтпей-ақ, онлайн режимде «Тапсырыс беру» қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Ол үшін сайтқа еніп, оң жақтағы батырманы басу арқылы берілген бірқатар сұрақтарға жауап беруіңіз керек.
Сіз жолдаған деректер расталғаннан кейін, рецепт 3 күнде ішінде жазылады да, қажет жағдайда қоңырау шалу арқылы дәрі дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Пациенттерге берілген дәрі-дәрмектер 1 апта ағымында немесе одан бұрын таусылғаннан кейін, пациент кезекті рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді алар алдында әрқашан жеке басын растайтын куәлігін көрсетуі тиіс.