Директор блогы
Құрметті сайтқа қонағы!
ЖШС «Ақерке» медициналық клиникасының ресми сайтына қош келдіңіздер! Сіздер біздің сайттан емхана қызметі туралы толық әрі анық ақпараттар ала отырып, оның құрылымдық бөлімдерімен танысып, өздеріңізге қажетті пайдалы ақпараттарды біле аласыздар. Сіз біздің сайттан өзіңіз үшін көптеген маңызды және пайдалы ақпараттарды тауып, өзіңізді қызықтырған сұрақтарға толық жауап алатыныңызға сенімдіміз.
Біздің медициналық клиникамыздың әр емделушісі оның емінің халықаралық стандарттарға сәйкес және дәлелді медицина аясында жүргізілетініне сенімді бола алады. Біздің клиника денсаулық сақтау саласында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания құрылған сәттен бастап қажетті материалдық-техникалық база және кәсіби дәрігерлер мен медбикелерден тұрады. Мамандар медициналық көмектің сапасы үшін барлық қажетті кәсіби, теориялық білімі мен практикалық дағдыларына ие.
Біздің дәрігерлер науқастың мүдделерін ескере отырып, диагностика мен емдеудің барлық саласында жоғары деңгейдегі алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды қолданады. Материалдық-техникалық база заманауи жабдықтармен жабдықталған.
ЖШС «Ақерке» медициналық клиникасында кезек жоқ деуге болады. Әкімшілік науқастың өтінішіне мүмкіндігінше тезірек қарап, жауап беруге әрдайым дайын.

Дусипова Сара
Шажаевна
Директордың қабылдауына жазылу
Құрметті емделуші! Егер Сіздің сұрағыңыз тікелей кездесуді талап етеді деп ойласаңыз. Біз Сізді онлайн қабылдауға жазылуыңызды сұраймыз. Онлайн жазылу кестесіне байланысты мен Сізді өзімнің қабылдауымда күтемін. Егер қандайда бір келеңсіздіктер бойынша қабылдау мүмкін болмаған жағдайда біз электронды почта арқылы ескертуге тырысамыз.